Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда қалалық полиция басшылығы пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен кездесті

Петропавлда қалалық полиция басшылығы пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда қалалық полиция басшылығы пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен жұмыс кездесуін өткізді. Полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызды тұстарға тоқталып, залға жиналған тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады. Кеңес барысында ПИК төрағалары сұрақтарын қалалық полиция басшысына тікелей қоюға мүмкіндік алды. Сондай-ақ кездесуге қалалық прокуратура мен әкімдіктің қызметкерлері де қатысты.

Кездесуді ашқан Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев интернет-алаяқтықтың бүгінгі таңда кең таралған қылмыс екенін атап өтті. Қала тұрғындары танымал сайттарда, Instagram желісінде тауар сатып алу кезінде жиі алданады. Сонымен бірге, адамдарға алаяқтар “туыстардың” атынан хабарласып, заңмен байланысты проблема туындағанын және ол үшін қомақты қаражат қажет екенін айтады. Марат Жұмалиев көршілер чаттары мен мессенджерлерді белсенді пайдалануға кеңес беріп, құқық бұзушылықтардың алдын алудағы медиа материалдарды таратуға көмек көрсетіп жүрген және белсенділік танытқан ПИК төрағаларына алғысын білдірді.

Жыл басынан Петропавлда 108 есірткі қылмысы анықталды, оның 78-і – есірткіні өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 209 келіден астам түрлі есірткі заттары алынды, оның ішінде 2 келіден астамы синтетикалық есірткі болған. 2019 жылы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрғындардан есірткі құқық бұзушылықтары жайлы фотосуреттерді, мәліметтерді қабылдау үшін WhatsApp қосымшасында 8-707-500-96-65 нөмірін тіркеді.

Кездесуде үй маңын абаттандыру мәселелері де қаралды. Көп пәтерлі үйлердің тұрғындары, ПИК төрағалары абаттандыру, тыныштықты бұзу, үй жануарларын серуендету сияқты сұрақтармен полицияға жиі жүгінеді. Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелерде рейдтік іс-шараларды жиі жүргізіп тұрады. Алайда қала тұрғындарының кейбірі бекітілген қағидаларды ұстанбайды. Жыл басынан қаланы абаттандыру ережелерін бұзған 3760 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілік арқалады. Қоқысты уақытылы шығармағаны үшін екі мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Марат Жұмалиев өз сөзінде кей шағын аудандарда аулаларда бейнебақылау камераларын орнату, жертөлелер мен шатырларды нығайту, үйлердің кіреберістері мен аулаларда жарықтандыруды жақсарту сияқты қауіпсіздік шаралары дұрыс жолға қойылмағанын атап көрсетті. Бұдан бөлек, тұрғындардың көпшілігі үйлердің кіреберістері мен тамбурларында велосипедтерді, самокаттарды, шаналарды және тағы басқа заттарды қараусыз қалдырады.

ПИК төрағалары проблемалы сұрақтарын айтып қана қоймай, учаскелік полиция инспекторларының атқарып жүрген жұмыстары үшін алғыстарын білдірді. Қойылған сұрақтар абаттандыруға қатысты болды. Полицейлер үшін құқықтық тәртіпке бейжай қарамайтын ПИК-тің әр төрағасының, қала тұрғындарының пікірі өте маңызды. Полицияның құзыретіне кіретін барлық проблемалық сұрақтар қала тұрғындарының игілігі үшін және оларды шешу мақсатымен бақылауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру