Ақтөбе облысы ҚАЖД-да жедел кеңес өтті
Ақтөбеде ҚАЖ департаменті жедел кеңес өткізіп, осы жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде департамент бастығы Руслан Уразбаевтың төрағалығымен осы жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Жедел кеңес отырысына ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов мекеме басшылары, пробация қызметтері және жеке құрам қатысты.
Кеңесте Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев, осы жылдың алты айында ҚАЖД жеке құрамымен мекеменің қызметін жетілдіруге бағытталған жедел жағдайды тұрақтандыру, қылмыстарды болдырмау, алдын алу, қылмысқа қарсы күресті нығайту және тәртіпті күшейту бойынша ҚР Конституциясы, қолданыстағы заңдар мен кодекстер, ҚР Президенті мен Үкіметінің және ҚР ІІМ бұйрықтары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде бірқатар жұмыс атқарылғанын айтты. Бұдан кейін осы аталған жұмыстардың нәтижесі бойынша департаментке бағынысты КА-168/1, КА-168/2 және КА-168/3 мекемесінің бастықтары мекемелердің жедел-қызметтік жағдайы бойынша баяндады.
Жедел кеңес отырысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 6-11/3135 нұсқауына сәйкес, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы ҚАЖД және мекеменің жеке құрамының назарына жеткізілді.