Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында берешегі бар 220 борышкердің көлігі айыптұраққа қойылды

Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі қаулылардың орындалуына бақылауды күшейту мақсатында салынған айыппұлдардың уақтылы төленуін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың 7-30 маусымы аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция қызметкерлері және сот орындаушылары жұмылдырылып, мобильдік топтар құрылды. Олар борышкерлерге тұрғылықты жері бойынша баруды жүзеге асырды және айыппұлдарды, оның ішінде «Автоураган» кешенін қолдана отырып, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл төлемейтін борышкерлерді анықтау, олардың  автокөлігін арнайы тұраққа орналастыру бойынша шаралар қабылданды.

Іс-шара аясында әкімшілік айыппұл түріндегі берешегі бар адамдардың 220 автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. 

Ақтөбе облысының полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық қауіпсіздікті немесе жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдардың уақтылы төлеу қажеттігі туралы ескертеді.

Мерзімінде төленбеген жағдайда, ҚР ӘҚБтК-де көзделген тәртіппен айыппұл сомасы мәжбүрлеп өндіріп алынуы мүмкін екенін еске саламыз. 

Айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданғаннан кейін сіздің 7 тәулік ішінде салынған айыппұлдың толық сомасының 50 пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге құқығыңыз бар. Егер 7 тәулік ішінде айыппұл төленбеген жағдайда, ӘҚБтК-нің 811-бабының 3-бөлігіне сәйкес оны толық көлемде төлеуге міндетті боласыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру