Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, жолаушылар ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, екі адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 ақпанда сағат 11:00 шамасында Хромтау ауданы Құдықсай кентінің маңында Mercedes-Benz автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі келе жатқан көлік құралына кедергі келтірмейтініне көз жеткізбей, Хромтау қаласының 72 жастағы тұрғынының басқаруындағы Chevrolet Niva автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz автокөлігінің екі жолаушысы Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру