Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында иесіз жайылып жүрген жылқы жол-көлік оқиғасына себеп болды

Ақтөбе облысында иесіз жайылып жүрген жылқы жол-көлік оқиғасына себеп болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазан күні сағат 21.00-де “Лада-21214” автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі Жайсаң ауылы жағынан Мәртөк кенті бағытында “Ақтөбе-Орынбор” автожолында атты қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 22 жастағы жолаушы Мәртөк ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылатын жануардың иесін анықтайды.

– Иесіз жайылып жүрген мал ең алдымен түнгі уақытта қауіп төндіреді, кенеттен жолға шығып, жол-көлік оқиғаларын тудырып, сонымен бірге қылмыс объектісіне айналады. Облыс жолдарында жануарлардың қатысуымен бес ЖКО орын алды, онда жеті адам зардап шекті, – деп түсіндірді Ақтөбе облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Қанат Әлиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру