Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында көлік аударылып, өртеніп кетті: жүргізуші мерт болды

Ақтөбе облысында ЖКО салдарынан 38 жастағы жүргізуші көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz

18 шілде күні сағат 01:40-та Самара – Шымкент автожолының 692-шақырымында Қобда ауданынан Ақтөбе қаласы бағытында Маржанбұлақ ауылына жақын жерде Mercedes-Benz автокөлігі аударылып қалған.

ЖКО салдарынан көлік өртеніп кетті. Сонымен қатар, 38 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, екі жолаушы Ақтөбе қаласының ауруханасына жатқызылды.

Ақтөбе облысы ПД барлық жүргізушілерді жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өткен аптада облыс жолдарында 12 ЖКО орын алды, онда үш адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру