Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолында екі көлік соқтығысты: адам шығыны бар

Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолында екі көлік соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері орын алған ЖКО ақмолалық тұрғынның өмірін қиып, ауруханаға екі ересек адам мен бала жеткізілді.

17 шілдеде Зеренді ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолында Молодежное ауылының бұрылысының жанында ЖКО болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолының 180 шақырымында Көкшетау қаласының 35 жастағы тұрғыны Mitsubishi Montero автокөлігінің жүргізушісі Көкшетау бағытында жүріп келе жатып алдында тоқтап тұрған Hуundai Elantra автокөлігімен соқтығысуды болдырмау үшін, Молодежное ауылына бұрылу алдында жаяу жүргіншілер өткелінен оңға бұрылып, рөлге ие бола алмай, жол бойында орналасқан аялдамаға соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Көкшетау қаласының 42 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Ақмола облыстық ауруханасына түрлі жарақаттармен автокөлік жүргізушісі мен жолаушы – Көкшетау қаласының 35 жастағы тұрғыны, облыстық балалар ауруханасына 6 жастағы жолаушы жеткізілді.

Сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

– Өлім мен жарақаттанудың алдын алу қозғалыс қатысушыларының жеке мәдениетінен, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдарды қолданудан басталады. Ересектер мен балалар тек қауіпті жағдайларда ғана емес, күнделікті өмірде де назар салу мен қырағылық таныту жарақат пен мертігуді болдырмауға көмектесетінін әрдайым есте ұстауы тиіс, – деп атап өтті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы А.  Қызбикенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру