Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мас күйде көлік басқарған 58 жүргізуші анықталды

Ақтөбе облысында мас күйде көлік басқарған 58 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысының аумағында 20-31 шілде аралығында жол қауіпсіздігіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесуге және анықтауға бағытталған “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

Осы жедел алдын алу іс-шарасының нәтижелері бойынша жол қозғалысы саласында 6500-ден астам бұзушылықтың жолы кесілді.

Мас күйінде көлік құралдарын басқарудың – 58, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың 72 дерегі анықталды, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық бермегені үшін 177 жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 900 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына  өтіп кетудің 165 дерегі анықталды. Сондай-ақ, “Қауіпсіз жол” іс-шарасы аясында “Жолдағы қабылдау”акциясы өткізілді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ЖҚЕ сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру