Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мас мотоцикл жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасады

Ақтөбе облысында мас мотоцикл жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қазан күні сағат 19.30-да “LT200-M13” мотоциклінің 30 жастағы жүргізушісі Шұбарқұдық кентінде “Ар-Әмір” супермаркетінің жанында мас күйінде автокөлік арасындағы арақашықты сақтамай, Toyota Carina автокөлігімен соқтығысқан. Әрі қарай мотоцикл соққыдан қозғалыс бағытын өзгертіп, Ваз-21150 автокөлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі Темір ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Белгілі болғандай, мотоцикл жүргізушісі ағымдағы жылдың маусым айында Темір аудандық сотының қаулысымен мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі (КО басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі көлік құралын басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру