Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер нашақорлыққа қарсы аспектілер туралы семинар өткізді

Атыраулық полицейлер нашақорлыққа қарсы аспектілер туралы семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД-нің ғимаратында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Атырау психикалық денсаулық орталығының және Атырау облысы ЖИТС орталығының алдын алу және жұртшылықпен байланыс бөлімінің дәрігерлерімен, Атырау қалалық ПБ-нің Кәмелетке толмағандар жөніндегі басқармасымен бірлесіп Атырау қалалық білім беру бөлімінің мұғалімдерімен “Есірткіні тұтыну және таралуының құқықтық аспектілері” туралы семинар өткізді.

Семинар барысында жастарға оның ішінде оқушылар арасындағы кәмелетке толмағандарға “Синтетикалық есірткі мен дәріханалық нашақорлықтың таралуы проблемалары туралы” мемлекеттік тілде есірткі құралдары мен олардың денсаулыққа тигізетін зиянына қатысты қызығышулық тударатын мәселелер талқыланды. Семинар мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресті күшейту.

Президент Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында былай деді: “Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын”.

– Семинар барысында қатысушылардың назарына ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер, толықтырулар, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа баптары жеткізілді, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру