Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полицейлер киік мүйізі мен ұшасын тәркіледі

Ақтөбе облысында полицейлер тіркелмеген қару мен киікке қатысты заңсыз заттай айғақтарды тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлініс жауынгерлерінің қатысуымен Ырғыз ауылындағы жергілікті тұрғынның тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізді.

Тінту барысында металл сейфтен тіркелмеген ИЖ-12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы, 56 дана оқ-дәрі, 12 дана киіктің мүйізі және 2 киіктің ұшасы табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тәркіленген заттарға тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың шығу тегі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция департаменті тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау, сондай-ақ мемлекет қорғауындағы жануарларды заңсыз аулау және сақтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру