Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында “Қадағалаусыздық” жедел-алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

11-14 ақпан аралығында Ақтөбе облысы аумағында “Қадағалаусыздық” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел алдын алу іс-шараларының негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, панасыз қалу фактілерінің, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерлерде болу, алкогольдік ішімдіктер ішу, кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарда темекі өнімдерін пайдалануы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату және кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін өткізу фактілерінің алдын алу және жою.

ПД кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлары 10 кәмелетке толмаған және 30 ата-ананы есепке алды.

“Қадағалаусыздық” іс-шарасын өткізу уақытында 242 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 11-і кәмелетке толмағандар және 20-ы заңды өкілдер.

Іс-шара жүргізу кезеңінде ПБ 205 кәмелетке толмағандар жеткізілді.

Сауда нүктелерін тексеру нәтижесінде кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сату бойынша 13 факті және кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатудың үш фактісі анықталды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардан сегіз тескіш-кескіш зат анықталды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға 37 материал жолданды.

Құрметті ата-аналар! Сізден өз балаларыңыздың мінез-құлқы мен қарым-қатынастарына қырағы болуды, олардың бос уақытына тиісті қызығушылық танытуды, сағат 23:00-ден кейін Сіздің алып жүруіңізсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бермеуді сұраймыз. Сіздің балаларыңыздың мәселелеріне және тәрбиесіне немқұрайлы қарауыңыз, оның өміріне әсер етуі мүмкін!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру