Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында тиісті санаты жоқ автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдағаны анықталды

Ақтөбе облысында тиісті санаты жоқ автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдағаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 22-25 қаңтар аралығында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара басталғаннан бері жарты күннің ішінде қоғамдық көлік және такси жүргізушілерінің 40-тан астам жол жүру ережесін бұзғаны анықталды. Оның ішінде жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзудың 10 фактісі, қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдаланудың 4 фактісі, көлік құралдарын тиісті санатсыз басқарудың 1, сондай-ақ көлік құралын тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаудың 5 фактісі анықталып,  көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Мысалы Хромтау қаласында полиция қызметкерлері ПАЗ автобусын тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің жолаушылар көлігін басқаруға тиісті санаты жоқ екені анықталды. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, автобус арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру