Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында заңсыз жүрген шетелдік азаматтар елден шығарылды

“Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Ақтөбе облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері ел аумағында заңсыз жүрген 100-ге жуық шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының аумағында жақын шетел азаматтары жеке басын анықтайтын құжатсыз құрылыс объектілерінде заңсыз жұмыс жасаған. Полициямен көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Іс-шара барысында заңсыз жүрген 100-ге жуық шетелдік азамат анықталды. Қазіргі уақытта сот органдарының шешімімен 61 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды. Оның ішінде көші-қон полициясы қызметкерлері тиісті құжаттары жоқ шетелдіктерді консулдықтар арқылы құжаттандыра отырып, еліне қайтару жұмыстарын жүргізді.

Ақтөбе облысы полиция департаменті облыс тұрғындарына шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан Қазақстан азаматтары да әкімшілік жауапкершілікке тартылатын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру