Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ардагер естелігі – жас ұрпаққа тәлімді тәрбие

Polisia.kz редакциясы Шымкент қалалық ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сержан Оразұлының қызмет жолынан ақпарат ұсынады.

Ішкі істер органдарында көп жыл қызмет еткен әрбір қызметкер зейнетке шығады. Сол кезде олар ішкі істер органдарының ардагері атанып, бүгінгі жастарға үлгі болары сөзсіз. Ардагерлердің мұң-мұқтажын тыңдап, солардың жағдайын жасайтын Ардагерлер кеңесі бар.

Шымкент қалалық ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сержан Оразұлы қазіргі ІІО қатарына тағайындалған жас мамандарды инабаттылыққа, әдептілікке, ұлтжандылыққа, патриоттық сезіммен тәрбиеге шақырды. 2006 жылы шекті жасына байланысты полковник шенінде облыстық ішкі істер департаментінің орынбасары лауазымынан зейнеткерлікке шыққан.

2011 жылы Кувейт елінде өткен “Динамо” спортшыларының оқ ату спорт түрінен Әлем чемпионатында ОҚО “Динамо” қоғамдық бірлестігінің спортшыларынан құралған команда бірінші орын алып, чемпион атанды. Қазақстан Туын желтіретіп, әлемге танылды. 2009 жылдан ОҚО “Нұр Отан” ХДП партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесі төрағасы орынбасары, ал 2019 жылынан Шымкент қалалық “Нұр Отан” ХДП-ның бақылау комитеті мүшесіне сайланды.

Комиссияның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысына белсене қатысқаны үшін Республика және Оңтүстік Қазақстан облысының “Нұр Отан” партиясының алғыс хаттарымен марапатталған. Сержан Оразұлы 2018 жылдың қараша айынан Шымкент қалалық ІІО мен Ұлттық Ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Осы ұйымдардың басшысы ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ардагерлердің мұң-мұқтажын тыңдап, оларға әлеуметтік-құқықтық мәселелеріне көмек көрсетуде. Жас мамандарды инабаттылыққа, әдептілікке, ұлтжандылыққа, патриоттық тәрбиеге баулуға бір кісідей ат салысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру