Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклші қаза тапты

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклші қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

9 қазанда түнде Темір ауданының Жамбыл аулының 30 жастағы тұрғыны LTM мотоциклін басқарып, дала жолымен жүріп, рөлге ие бола алмай аударылып кеткен.

Мотоциклші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Ер адамның мотоциклді басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды.

ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру