Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта ер адамды ұрып-соғып, жеке куәлігін тартып алған күдікті ұсталды

Сарыағашта ер адамды ұрып-соғып, жеке куәлігін тартып алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сарыағаш АПБ-ға Жібек жолы шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түсті. Онда шетел азаматын белгісіз біреу ұрып-соғып, жеке куәлігін тартып алғаны көрсетілген.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркелді.

Сарыағаштық тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын сотты болған күдікті жергілікті тұрғын ұсталды.

Белгілі болғандай, күдікті жас жігіт Өзбекстан азаматынан шекарадан өткізіп беру үшін ақша талап еткен. Алайда шетел азаматы оған қарсылық білдірген. Сол сәтте екеуі сөзге келіп, сезікті жәбірленшінің жеке куәлігін алып, оны соққыға жыққан. Содан жәбірленушіге дене жарақатын салған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Т

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру