Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ЖШС аумағынан 220 литр дизель отыны ұрланды

Ақтөбе облысында жұмысшы дизель отынын жымқырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 мамыр күні Әйтеке би ауданы полиция бөліміне аудандағы мемлекеттік су құбырын салумен айналысатын ЖШС учаскесінің шебері жүгінді. Оның айтуынша, аталмыш ЖШС нысан аумағынан жүк көлігінен 220 литр дизель отынын құйып алған.

Жергілікті аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында күдікті ретінде осы объектінің күзетшісін анықтап, ұстады. 56 жастағы күзетші бұл әрекетін мойындады, ұрланған зат тәркіленді.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру