Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда дүңгіршектен ұрлық жасаған күдікті анықталды

Қарағандыда дүңгіршектен ұрлық жасаған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 мамырда 23 жастағы кәсіпкер Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу өзіне тиесілі дүңгіршекке кіргенін, сол жерден ол музыкалық аппарат пен ақша ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын мөлшері 23 мың теңгені құрайды. Полицейлер ұрының пластикалық терезенің жақтауын ашып, дүңгіршекке кіргенін анықтады.

10 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 21 жастағы жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты зат – музыкалық аппарат тәркіленді.

ҚР ҚК-ның 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру