Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жүргізуші куәлігінен айырылған 44 азамат мас күйде көлік басқарған

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырылған 44 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 тамызда Бейбітшілік даңғылында полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамның басқаруымен Lada Priora автокөлігін тоқтатты. Ол медициналық қорытындыға сәйкес, көлік құралын мас күйінде басқарған. Сонымен қатар көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлімі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Облыста жыл басынан бері көлік басқару құқығынан айырылған 44 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ақтөбе облысының полицейлері автокөлік жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру