Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысындағы ҚАЖ мекемесінде ашық есік күні өтті

Ақтөбе облысындағы ҚАЖ мекемесінде ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №70 қауіпсіздігі аралас мекемесінде ашық есік күні өтті. Бұл күні аталған мекемедегі шаруашылық қызмет көрсету жасағындағы сотталғандар жақындарымен қауышып, қуаныштан жүздері бал-бұл жайнады.

Келушілерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында ұйымдастырылған ашық есік күнінде жазасын өтеушілер де, олармен қауышуға келген туысқандары да қуаныштарын жасыра алған жоқ. Мекемеге келушілер жазасын өтеушілермен кездесіп қана қоймай, олардың жатын және демалатын орындары, бос уақытын өткізетін кітапхананы, сондай-ақ тамақтану орындарын аралап, мекеменің тыныс-тіршілігімен де танысты.

Мекеме қызметкерлері түзеу мекемелерінде мұндай ашық есік күндерін өткізу – әлеуметтік байланысты нығайта отырып, сотталғандарды бостандыққа әзірлеуде нәтижелі болатынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру