Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының бас полицейі студенттермен кездесті

Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің соңғы курс студенттерімен және биылғы түлектерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 маусымда университет қабырғасында өткен кездесуге өңірлік полиция басшысымен қатар, қазіргі таңда полиция қатарында абыройлы қызмет етіп жүрген осы оқу орнының түлектері, оның ішінде басқарма басшылары, жедел тергеу қызметкерлері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесуде полицейлер студенттерге полицияда қызмет етудің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы баяндап берді. Лайықты жалақы, тұрғын үй өтемақысы, мансаптық өсу, қызметтік көлікпен, нысанды киіммен қамтамасыз ету, тегін оқу және тағы басқа да жасалған жағдайлар полицейлердің тұрмыстық мәселелерге алаңдамай, халыққа адал қызмет етуге ықпал ететіні туралы айтты.

– Бүгінгі кездесудің мақсаты – түлектерге өмірде өз орнын табуға бағыт-бағдар беру. Полицияда қызмет етуге қиындықтан қашпайтын, жігерлі, елін сүйген азаматтар әрдайым қажет. Бізде де жеке басты дамытуға, білімді жетілдіруге мүмкіндік көп. Біздің қатарымызда әлем чемпиондары да, Азия чемпиондары да, өнерлі азаматтар да жетерлік, – деп ПД бастығы жиынға қатысушы жастарға полицияда қызмет етудің мәртебесі мен мақсаты туралы баяндап берді.

Кездесу соңында студенттер мен түлектер полиция басшысына аса қызығушылықпен өздерінің сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Оларды толғандырған басты сұрақтар өз мамандықтары бойынша полицияға жұмысқа тұру мәселелеріне қатысты болды.

Сонымен қатар оқу ордасына бас полицейдің келгенін пайдаланып, қоғамдағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қатысты сұрақтар қойып, пікір-ұсыныстарын білдірген жастар да болды. Абай Жусупов жастардың әрбір сұрағына мұқият көңіл бөліп, қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етуге шақырды. Алдағы уақытта мұндай кездесулерді өңірдегі барлық оқу орындарында өткізу көзделіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру