Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әкімдігінде істі болғандарды жұмысқа орналастыру мәселесі қаралды
Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әкімдігінде істі болғандарды жұмысқа орналастыру мәселесі қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әкімдігінде аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған және түзеу мекемелерінде жазасын өтеп шыққандарды жұмысқа орналастыру мәселесі қаралды.
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландиннің төрағалымен: жергілікті билік, аудандық жұмыспен қамту бөлімі және Пробация қызметімен өткен үшжақты комиссия отырысына Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 және №2 пробация қызметтерінің бастықтары қатысты.
Өзекті мәселелер қаралған отырысқа Мұғалжар ауданы прокурорының орынбасары Ерболат Еренов, аудандық үшжақты комиссияның тұрақты мүшесі Аманжол Адаев, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Мұғалжар аудандық №1 Пробация қызметінің бастығы әділет майоры Гүлсезім Ешмагамбетова, Мұғалжар аудандық №2 Пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Бауыржан Уразалин және аудандағы жұмыс беруші кәсіпорын басшылары қатысты.
Күн тәртібінде сөз алған Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғалым Дәрімбетов, 2021 жылдың жыл басынан бастап күні бүгінге дейін Мұғалжар аудандық №1 және №2 пробация қызметтерінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 9 азамат квота бойынша тұрақты жұмыска орналасқанын айтты.
Ал, осы аудандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Жамал Джаханова, 2022 жылы Мұғалжар аудандық №1 және №2 пробация қызметтерінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 12 азаматтың аудандағы 9 мекеменің өздеріндегі бос жұмыс орындарымен қамтамасыз етуіне қаулы бекітті.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары мекеме басшыларына пробация қызметі есебінде тұрған және түзеу мекемелерінен босаған жұмыссыз азаматтардың квота бойынша бос жұмыс орындарына орналастыру мәселелерін қадағалауда ұстауға ақты тапсырмаларды жүктеді.