Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғыны жүргізуші куәлігін сатып аламын деп алаяққа алданып қалды

Ақтөбе облысының тұрғыны жүргізуші куәлігін сатып аламын деп алаяққа алданып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері облыс аумағында жүргізуші куәлігін алып беремін деген желеумен жасалған 56 алаяқтық фактісі тіркелді.

Осындай алаяқтардың арбауына Ақтөбе облысының 27 жастағы тұрғыны да түсті. Оның танысы 300 мың теңгеге "В" және "С" санатындағы жүргізуші куәлігін еш қиындықсыз алып беруге уәде еткен. Алайда ақшаны алғаннан кейін уәдесін орындауды ойламаған.

Нәтижесінде жүргізуші куәлігі емес, қылмыстық іс пайда болды.

Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция еске салады: Қазақстан Республикасында жүргізуші куәлігін заңда белгіленген тәртіппен ғана алуға болады. Ол үшін тиісті оқудан өтіп (заңда көзделген жағдайларда), теориялық және практикалық емтихандарды сәтті тапсырып, құжаттарды уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы рәсімдеу қажет.

Есте сақтаңыз: егер біреу "емтихансыз жүргізуші куәлігін алып беремін" десе, онда ол сіздің көлік жүргізу қабілетіңізді емес, сенгіштігіңізді сынап жатқан болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру