Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері бір түнде жеті мас жүргізушіні ұстады

Ақтөбе полицейлері бір түнде жеті мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Қауіпсіз апта” жедел алдын алу іс-шарасы режимінде жұмыс жасауда. Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту бойынша шаралар күшейтілді.

14 қарашаға қараған түні батальон экипаждары мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 7 фактісін, сондай-ақ жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған екі жүргізуші мен жүргізуші куәлігінен айырылған бір жүргізушіні анықтады. Мас жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материалдар жиналды. Оларға 15 тәулік әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру қаупі төніп тұр.

– Мас күйінде көлік басқару ауыр зардаптарға әкеп соқтырады, мұндай фактілерді анықтау және жолын кесу жұмыстары жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған рейдтік, жедел-профилактикалық іс-шаралар мен акциялар шеңберінде тұрақты негізде жүргізіледі, – дейді Ақтөбе қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Мирхан Есенжолов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру