Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған марафон өткізді

Алматы полициясы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған марафон өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара қаланың шеткі аудандарында өтті.

Алматы облысындағы Ұзынағаш және Күрті ауылдары арасындағы тас жолда ПД-ның жылдам қимылдайтын арнайы жасағының 35 сарбазы мен олардың командирлері 42 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

ЖҚАЖ қызметкерлері марафонды халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алуға, сондай-ақ Алматы қалалық ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының құрылғанына 35 жыл толуына арнады.

– Дене шынықтыру және спорт, жарыстарға қатысу полиция қызметкерлеріне жедел тапсырмаларды сәтті орындауға ықпал ететін жаңа дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Біздің қызметкерлер тапсырманы жақсы орындады. Жауынгерлік бөлім өзінің спорттық дайындығы мен тәртібінің деңгейін тағы бір мәрте паш етті. Ғазиз Байтасовтың ерлігі, оның есімі ешқашан ұмытылмайды. Оның ерлігі бізге үлгі!, – деді Алматы қалалық ПД ЖҚАЖ командирі Үсен Әбілбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру