Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан бері билік өкілдеріне бағынбаудың 421 дерегі тіркелді

СҚО-да жыл басынан бері билік өкілдеріне бағынбаудың 421 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маскүнемдікке салыну – әкімшілік қамауға алу – полицияға есепке қою. Отбасылық жанжалқойларға қатысты қолданылатын шаралар жиі осылай аяқталады. Петропавл тұрғыны 37 жастағы күйеуінің жанжал шығаруына байланысты полиция шақырған. Ер адам учаскелік инспектордың медициналық куәландырудан өту туралы талаптарын орындаудан бас тартты. Тәртіп сақшылары оған күш қолдануға мәжбүр болып, медициналық куәландыруға жеткізді. Ер адам алкогльдік масаң күйде болғаны анықталды. Құқық бұзушыны әйелі кешіргенімен, бұл қылығы үшін жауап беруге тура келді.

– Билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін сот оған үш тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады. Сондай-ақ сот оның тәртібіне қатысты ерекше талаптар белгілеп, бір жыл бойы спирттік ішімдік ішуге тыйым салды. Бұдан бөлек, учаскелік полиция инспекторы құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасын жазып берді. Ер адам есепке алынып, профилактикалық іс-шаралар шеңберінде тексеріліп тұратын болады. Егер бұзушылықтары қайталанатын болса, қатаң жауапкершілікке тартылатын болады. Ал отбасылық жанжал шығарса, татуласу мүмкіндігі болмайды, – дейді Петропавл қаласыПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетов.

Полицейлердің айтуынша, тәртіп сақшыларына бағынбаудың барлық дерлік фактілері отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, қоғамдық орындардағы бұзақылық немесе басқа да оқиғалар кезінде орын алады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына сәйкес осындай құқық бұзушылық үшін 30 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлдан 15 тәулікке дейін қамаққа алуға дейінгі жаза қарастырылған. Жыл басынан бері облыста мұндай 421 факті тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру