Ақтөбе қаласының қабылдау-тарату орнына 308 адам жеткізілді
Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылдың 11-14 қараша аралығында «Ночлежка» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға 354 қызметкер жұмылдырылып, 118 мобильді жедел-іздестіру топтары құрылды. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Ақтөбе қаласының қабылдау-тарату орнына 308 адам жеткізілді, оның ішінде 10-ы ғана орналастырылды, қалған 298-і орналасуына байланысты қамауға алынбады. Сондай-ақ, 79 адам жазасын қоғамдық жұмыспен өтегеннен кейін «Ақтөбе қаласы белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды және қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ-не жеткізілді.
Қалада криминогендік жағдайды төмендету, санитарлық-эпидемиологиялық және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды есепке алуды жүргізеді. Сонымен қатар, адамдарға қыста тоңып, жаурап қалмас үшін, жазда үйсіз адамдар жиналатын жерлерде тазалық пен тәртіпті сақтау үшін медициналық, әлеуметтік және басқа да көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.