Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 12 жастағы баланың өлі денесі табылды

Ақтөбеде 12 жастағы баланың өлі денесі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 маусымда Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабының №3 шағын ауданы аумағында орналасқан құрылыс нысандарының аумағында 12 жастағы баланың өлі денесі табылды.

Жас баланың “Көп қан жоғалту, бастың, дененің, қол мен аяқтың көптеген жарақаттары” түріндегі зорлықпен өлу белгілері бар мәйтінің табылу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі жануардың тістеуінен болуы мүмкін.

Аталған факті бойынша бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру