Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 5 мыңнан астам жасөспірім полицияға жеткізілді

Ақтөбеде бес мыңнан астам жасөспірім түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін полицияға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында Ақтөбе облысының аумағында “Түнгі қаладағы балалар”, “Қадағалаусыздық”, “Демалыс”, “Жасөспірім”, “Жасөспірім және заң”, “Жасөспірім” Республикалық жедел алдын алу іс-шаралары, “Қайыршы”, “Отбасы” акциялары өткізіледі, сондай-ақ тұрақты негізде жергілікті рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізу барысында түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған 5 118 бала, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кәмелетке толмаған 4 727 бала жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 4 223 ата-ана жауапқа тартылды.

Ал халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік, мектеп инспекторлары бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ оқу орындарының ата-аналарымен,  оқушыларымен үнемі профилактикалық әңгімелер жүргізді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды тиісті тәрбиелеу, бақылау қажеттілігі туралы ескертеді. Балаңыздың достарымен байланысын бақылаңыз, балаңыздың ұялы телефонын тексеріңіз, балаңыздың қандай сайттарға кіретінін біліңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру