Ақтөбеде 7 сотталған Пробация қызметінің ықпалымен біржолғы жәрдемақы алды
Ақтөбеде жеті сотталған Пробация қызметінің ықпалымен 100 мың теңге біржолғы жәрдемақы алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 Пробация қызметі түзеу мекемелерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, пробация есебіне алынған және әкімшілік қадағалау тағайындалған жеті есепте тұрған сотталғанның әрқайсысының 100 мың теңге болатын біржолғы жәрдемақыға қол жеткізуіне көмек берді.
Пробация есебіне бақылауға алынған сотталғандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үшін оларға жәрдемақы тағайындауға арналған Мұғалжар ауданы әкімдігінде өткен комиссия отырысында талқыланып, шешімін тапты.
– Пробация қызметінің қолдауымен істі болғандарға көрсетілетін бұндай көмек түрлері – есепте тұрған сотталғандардың өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезіне отырып, қоғамға тез бейімделулеріне және қайта қылмысқа бармаулары үшін көрсетіледі. Яғни, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес аталған біржолғы жәрдемақы есепте тұрған сотталғандардың өмірлік қиын жағдайдан шығуы үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүзеге асырылады, – дейді Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметі бөлімінің бастығы Гүлсезім Ешмағамбетова.