Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде алаяқ әйел ұсталды

Ақтөбелік полицейлер тағы бір алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қазанда полицияға 26 жастағы қала тұрғыны 2020 жылдың наурыз айында Әлия есімді бойжеткеннің «Самсунг» маркалы ауабаптағышты арзан бағамен жеткізетінін айтып, одан 400 мың теңге сомасындағы ақшасын алғаны, алайда ауабаптағышты әлі күнге дейін көрмегені туралы арызданған.

Ақша алаяқ әйелдің банк картасына аударылған.

Осы факт бойынша 32 жастағы ақтөбелік әйел ұсталып, оның алаяқтықтың тағы 2 фактісіне қатысы бары анықталды.

2020 жылдың мамырында ол бұрын ұсталған «Самсунг» маркалы ауабаптағышты төмен бағамен жеткіземін деп алдап, 23 жастағы ақтөбеліктің 670 мың теңге сомасындағы ақшасын иемденген. Жәбірленуші ақшаны күдіктінің банк карточкасына аударған. Арыз полицияға қазан айында түскен.

Бұдан басқа күдікті биылғы  жылдың шілдесінде «Айфон» маркалы смартфонды төмен бағамен жеткізетінін айтып, 30 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі 430 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденген.

Қазіргі таңда барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру