Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында 17 бас жылқы ұрлаған азамат ұсталды

Алматы облысының полицейлері аса ірі көлемдегі мал ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қазанда Жамбыл ауданы полиция бөліміне Кеңсай ауылының 76 жастағы тұрғыны 2 қазаннан 3 қазанға қараған түні жайылымнан 17 бас жылқысының ұрланғаны туралы арызданған.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 12 млн.теңгеден астам.

Аталған дерек ҚР ҚК 188-1-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (Мал ұрлау) бойынша тіркелді.

– Бірлескен қарқынды жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласының мал базарынан жәбірленуші таныған ұрланған 11 бас жылқы табылып, тәркіленді. Жоғалған малды әрі қарай іздеу жұмыстарын жалғастыру кезінде  Түркістан облысы Сайрам ауданының Арыс ауылынан жәбірленуші таныған тағы екі жылқы табылып, тәркіленді. Алып-сатарлар анықталып, олар арқылы тағы екі құлын мен бір бие Тараз қаласындағы жеке тұлғалардан табылды. Іздестірудің екінші күнінде полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жамбыл ауданының Қарақастек ауылында тұратын, ҚХР-ның 37 жастағы тумасын ұстады, ол өзінің осы қылмысты жасағанын мойындады,- дейді Жамбыл АПБ бастығы Асхат Тегенбаев.

Барлық мал заңды иесіне қайтарылды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, полиция қызметкерлері ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру