Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері жол қозғалысына бақылауды күшейтті

Алматы облысының полицейлері жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын жерлерде кезекшілікті күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері  Алматы-Өскемен автожолындағы Талдықорған қаласының кіреберіс аумағында кезекшілікті күшейтті. Себебі, бұл аумақта жаяу жүргіншілерді қағып кету деректері жиі орын алады және жол қозғалысы ережелері де көп бұзылады.

Жыл басынан бастап жолдың аталған учаскесінде  жаяу жүргіншілерді қағып кетудің 7 дерегі орын алған, нәтижесінде 4 адам қаза тапқан.

– Негізінен, осы аумақта “жаяу жүргіншілер өткелі” жол белгісі бар. Алайда, кейбір жаяу жүргіншілер әлі де өз өмірі мен денсаулығын бәске тігіп, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтеді, сонымен қатар олар жол қозғалысының басқа да қатысушыларына айтарлықтай қауіп төндіреді. Мұндай деректер түбірімен жойылуы тиіс.  Бүгін біз осал учаскелерге патрульдік полицияның бірнеше экипажын шығардық,- деді Алматы облысының ПД ЖПҚБ патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары  Қайырбек Қанатбеков.

Жыл басынан бері патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жаяу жүргіншілер жол берген 772 құқық бұзушылықты анықтаған.

– Жоғарыда көрсетілген учаскеде көлік жүретін бөліктен өту қағидаларын бұзғаны үшін 28 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл оларға  және жол қозғалысының басқа да қатысушыларына пайдалы сабақ болады деп үміттенеміз. Көңіл көншітпейтін статистика мен қайғылы фактілер бүгінде жаяу жүргіншілерге жауапкершілікті күшейтуге және олардың жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауына бақылауды арттыруға ықпал етеді. Рейдтік іс-шаралардан басқа, алдын алу саласында да ерекше жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар жол қозғалысына қатысушылардың тәртібіне оң әсерін тигізуге мүмкіндік береді,-деп толықтырды Қайратбек Қанатбеков.

Бұдан басқа, жүргізуші құрамның автокөлік қою ережелерін, белгілер мен таңбаларды, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін сақтауына бақылау күшейтілді.

Аталған құқық бұзушылық түрлері бойынша патрульдік полиция қызметкерлері 300-ден астам әкімшілік хаттама толтырды.

Талдықорған қаласына кіре берісте ұйымдастырылған іс-шараның бір күнінде барлығы 40-қа жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру