Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде аяқ киімге телефон жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған азамат ұсталды

Ақтөбеде аяқ киімге телефон жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты №70 (тергеу изоляторы) мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде ер адамның қысқы аяқ киімінің табанына мұқият жасырылған екі телефонды тәркіледі.

Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 31 жастағы М. Қ. есімді азамат абақтыда мас күйінде көлік жүргізді деген айып тағылған күдікті-айыпталушы танысына қысқы аяқ киімнің табанына жасырып, бермек болған.

– Азамат М. Қ. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791-бабы және 795-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру