Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада қоғамдық көлік жүргізушілерінің 400-ден астам ЖҚЕ бұзғаны анықталды

Елордада қоғамдық көлік жүргізушілерінің 400-ден астам ЖҚЕ бұзғаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда аумағында 2023 жылғы 16-20 қаңтар аралығында “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. 2 күн ішінде полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілерінің 421 жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады. Рейс алдындағы техникалық және медициналық тексеруден өтпеген 30-дан астам такси жүргізушілері өздерінің нөмірлік белгілерінен айырылды.

Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу бойынша 90 дерек анықталды, 364 автобуста жылу мен электр жабдықтарының жағдайы тексерілді. Белгіленген құжаттарсыз көлік басқарғаны үшін 13 такси автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Мәселен, елордалық таксомоторлық парктердің бірінде 2020 жылы Жітіқара қаласында көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушінің автокөлікті басқару фактісі анықталды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Аталған факті бойынша жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

Бұдан бөлек, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлік басқаруға жібергені үшін көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 619-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ЖААІШ барысында полицейлер маршруттық автобустардың желіге шығарылуын тексеріп жатыр. Нәтижесінде 6 автобус паркінің лауазымды тұлғалары маршрутқа шығарылған автобустардың ақаулы техникалық жағдайы үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ мектеп автобустарының техникалық жағдайы мен өрт сөндіру құралдары тексеріліп, жүргізушілер құрамымен әңгімелер жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру