Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бірнеше гаражға ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Ақтөбеде бірнеше гаражға ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласы ПБ №1 полиция бөлімінің кезекші бөліміне Балқытушылар тұйығында орналасқан гараж кооперативінде ұрлық жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Белгісіз адам гараждың артқы қабырғасын сындырып, жасырын түрде гаражға кіріп, ол жерден электр құралдары мен кілттер жинағын жасырын ұрлап кеткен. 67 жастағы гараж иесі келтірілген шығын көлемін 250 мың теңгеге бағалады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 29 жастағы ақтөбелікті анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алдын ала тергеу барысында ұсталған адамның екі гараждан екі велосипед ұрлағаны анықталды.

Ұрлық фактілері бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру