Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының мас тұрғыны көршісінің үйінде жанжал шығарған

Павлодар облысының мас тұрғыны көршісінің үйінде жанжал шығарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күнделікті өмірдегі зорлық-зомбылық фактілерін үнсіз қалдыру аса ауыр қылмыстардың себебі болуы мүмкін. Сондықтан, заңсыз әрекеттерді тоқтату және ауыр зардаптардың алдын алу үшін полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған жағдайда немесе құрбаны болсаңыз, “102” телефонына хабарласуды сұрайды.

Айта кету керек, полицейлер тұрақты негізде рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында түрлі есептерде тұрған тұлғалар тексеріледі. Әйелдер өздерінің жақындарына, таныстарына, көршілеріне тыныштық бермейтін жағдайлар бар.

– Мысалы, ауыл тұрғыны полицияға хабарласып, көршісіне шағымданды. Қалқаман кентінің тұрғыны арызданушының үйінде болған кезде мас күйінде жанжал шығарып, үй иесіне балағат сөз айтқан. Бұл жайт 30 мамыр күні сағат 16:00-де болған. Шақыруға келген учаскелік полиция инспекторы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.

Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабына сәйкес отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін ескерту не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделгенін еске салды. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқыққа қайшы әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалса, он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Жыл басынан бері Павлодар облысында барлығы 1279 отбасының бұзақысы жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру