Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде елде болу ережесін бұзған 100-ден астам шетелдік жауапқа тартылды

27 маусым мен 4 шілде аралығында Ақтөбе облысы аумағында республикалық “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері ҚР азаматтарының шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауына және мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактілерін анықтауға ерекше назар аударады.

Яғни, “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған барлығы 100 ден астам шетелдік және шетелдіктерді қабылдау және шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзуға жол берген Қазақстан Республикасының азаматтары да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, алты шетел азаматы сот қаулысымен әкімшілік жолмен ел аумағынан шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру