Ақтөбеде электрлі мопед ұрлаған күдікті ұсталды
Ақтөбеде полицейлер көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жасалған электрлі мопед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Анықталғандай, түнгі уақытта тұрғын үй кіреберісінде қараусыз қалған электрлі мопед ұрланған. Иесіне келтірілген материалдық шығын көлемі 150 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері аталған қылмысқа күдікті ретінде 51 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Ұрланған электрлі мопед тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
