Түркістан облысында полиция аса ауыр қылмыс жасаған ер адамды ұстады
Түркістан облысының аумағында өткізілген "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аталған азамат Алматы облысында іздеуде болған. Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктіні Жетісай қаласы көшелерінің бірінен қолға түсірді.
Ұсталған азамат одан әрі тексеру жұмыстарын жүргізу және іздеуді жариялаған тарапқа тапсыру мақсатында полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
