Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есірткілік мас күйде көлік басқарған такси жүргізушісі қамауға алынды

Ақтөбеде есірткілік мас күйде көлік басқарған такси жүргізушісі қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдарының жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу және анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. “Автобус” республикалық жедел алдын алу шарасы аясында 6 қазанда сағат 10:30-да Заводская көшесінде полиция қызметкерлеріЯндекс.Такси” жолаушыларды  тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушіні тоқтатты.

Құжаттарды тексеру кезінде рейс алдындағы техникалық және медициналық тексеруден өтпегені анықталды, сондай-ақ өзара әңгімелесу кезінде жүргізушінің жай-күйі күдік тудырды, содан кейін жүргізуші медициналық куәландыруға жіберілгені анықталды. Медициналық қорытындыға сәйкес, жүргізуші есірткілік мас күйде болған.

Автокөлік арнайы тұраққа орналастырылды. Көлік құралын есірткілік мас күйінде басқарғаны үшін такси жүргізушісіне 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы көзделді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру