Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде хабарсыз кеткен 13 жасар қызды полицейлер 30 минут ішінде тапты

Ақтөбеде хабарсыз кеткен 13 жасар қызды полицейлер 30 минут ішінде тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыз ата-анасының түнгі ауысымдағы жұмыста болғанын пайдаланып, сағат 22:00-де далаға шығып кетіп, қайта оралмаған. Сағат түнгі 03:00-те сіңлісі апасының үйде жоқтығын көріп, анасына хабарласқан. Уайымға салынған ана бірден 102-ге хабарласып, қызының үйге оралмағандығы туралы арызданған.

Патрульдік полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, шұғыл ақпарат бойынша іздестіру шараларын қолға алды. Жарты сағаттың ішінде қыз баланы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.

Қазіргі таңда ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтТ-нің 442-бабы “Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта сағат 23:00-06:00 аралығында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы” бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру