Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде көлік басқару құқығынан айырылған екі автобус жүргізушісі ұсталды

Ақтөбеде көлік басқару құқығынан айырылған екі автобус жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық көлік апаттарының алдын алу мақсатында 20-22 қаңтар аралығында облыс аумағында “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Патрульдік полиция қызметкерлері “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында “Ақтөбе-Орск” автожолында Украинка кентінің Ақжар ауылында оқитын оқушыларын тасымалдайтын “Hyundai” маркалы автобусты тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде мектеп автобусының жүргізушісінің жол-көлік оқиғасын жасағаны және оқиға орнынан кетіп қалғаны үшін бір жыл тоғыз айға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалдайтын “ПАЗ” қоғамдық көлігінің тағы бір жүргізушісін анықтады. Белгілі болғандай, өткен жылы жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

“Автобус” жедел алдын алу іс – шарасының екінші күнінің нәтижелері бойынша ПД жеке құрамымен жолаушылар автокөлігімен жол берілген 240 бұзушылық анықталды, оның ішінде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтағаны үшін – алты, маневр жасау ережелерін бұзудың – 27, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырғаны үшін – 12, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін – 40 және жолаушыларды (таксиді) тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін – 65 құқық бұзушылық анықталды.

Айта кету керек, белсенді азаматтық ұстаным танытқан тұрғындардың және азаматтық патруль көмегімен қоғамдық көлік жүргізушілері жол берген ҚР ЖҚЕ 50-ден астам бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру