Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғанның түзелуіне психологтың тигізер көмегі көп

Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандарға психологиялық көмектер көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық аурухананың және қалалық емхананың психолог мамандары қырыққа жуық сотталғанды қабылдады.

Қылмыс жасап, сотты болған жандардың кейбірі өз отбасынан да жылу таппай жатады. Салдарынан өзіне деген сенімділігін жоғалтады. Мұндай жағдайда адамға психологтың көмегі ауадай қажет. Себебі оның соңы қайта қылмыс жасауға әкелуі мүмкін.

Біздің санамызда әлі күнге дейін қатып қалған заң бар. Егер психологтың көмегіне жүгінсең психологиялық ауытқушылық бар деген ұғымды санамызға сіңіріп алғанбыз. Осының салдарынан мәселелеріміз тұйықталып, шешімін таппай жатады.
Осы орайда, Төлеби аудандық пробация қызмет бөлімінің қызметкерлері есебіндегі сотты болғандарды бұл ойларынан арылтып, психолог мамандарымен кездесіп психологиялық кеңес алуларына ықпал жасады.

– Біздің күнделікті өміріміз стресске толы. Кейбір қиындықтар, жолдағы кептеліс деген сияқты білінбейтін мазасыздықты бастан өткереміз. Сол сияқты бұл сотталғандардың сотты болуының өзі үлкен стресс. Оларды ондай ойдан арылту үшін психолог мамандарымен жиі кездестіріп тұрамыз. Сотталғандардың түзелуіне, қоғамға қайта бейімделуіне психологтың тигізер көмегі көп, – дейді аудандық пробация қызмет бөлімі бастығының міндетін атқаруды Бауыржан Сарыпбеков.

Психолог мамандары сотталғандарға күнделікті спортпен шұғылдану, миды тыныштандыру, жақсы әуен тыңдап кешкі таза ауада серуендеуге және әр нәрсеге жақсы көңіл күймен қарап, үнемі жақсы ойлар ойлау бойынша кеңестер берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру