Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде көлік басқару құқығынан айырылған жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 13-17 шілде аралығында “Жаяу жүргінші” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында 13 шілде күні таңертең Байғанин ауданы Қарауылкелді кентінің жанындағы “Ақтөбе-Астрахань” тас жолында көлік құралын басқару құқығынан айырылған 28 жастағы жүргізушінің басқаруындағы North benz жүккөлігі тоқтатылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (КҚ басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның КҚ басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші Ақтөбе қ. ПБ УҰИ-ға қамауға алынды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардан алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлік құралын басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру