Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пенитенциарлық пробацияға жататын сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлері таныстырылды

Ақтөбеде пенитенциарлық пробацияға жататын сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлері таныстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты түзеу мекемесінен босатылуына бір жыл қалған жазасын өтеушілер пробация қызметінің инспектор психологымен кездесіп, әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерімен танысты.

Жалпы, жаза өтеу мерзімінің аяқталуына бір жыл қалған сотталғандармен, яғни пенитенциарлық пробацияға жататын сотталғандармен жұмыс жергiлiктi атқарушы органдар, ішкі істер органдары және пробация қызметінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Осы орайда, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 мекемесінде босатылуына бір жыл қалған жазасын өтеушілерді департаментке қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспектор-психологы Нұргүл Аубакирова қабылдап, пинитенциарлық пробация есебінде тұрған сотталғандарға бостандыққа шыққан кезде мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерімен таныстырып, пробация қызметіне жүгінуге құқылы екендіктерін түсіндіріп, сотталғандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

– Жаза өтеу мекемелерінен босаған сотталғандар мемлекет тарапынан білім алуға, мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға, емделуге, сондай-ақ құқықтық көмек алуға құқылы және бұлардың барлығы әлеуметтік-құқықтық көмектің негізгі бағыты болып табылады. Яғни, оларға жеке бағдарлама толтырып, қиын жағдайға тап болған азаматтардан өтініш түскен жағдайда біржолғы әлеуметтік жәрдемақы үшін жұмыспен қамту орталықтарына, бизнес ашу үшін – Атамекен кәсіпкерлер палатасына, медициналық көмек алу үшін – тұрғылықты мекенжайлары бойынша емдеу орындарына хат жібереміз. Былайша айтқанда, пенитенциарлық пробацияға жататын сотталғандарға көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмек түрлері олар түзеу мекемесінен шыққаннан кейін де осы бағытта жалғаса береді, – дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспектор-психологы Нұргүл Аубакирова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру