Ақтөбеде пробация есебіндегі жастар викториналық сайысқа түсті
Ақтөбеде пробация есебіндегі жастар викториналық сайысқа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған жастар аудандық «Жастар арасындағы дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі» орталықтың ұйымдастыруымен өткен викториналық сайысқа қатысты.
Пробация есебінде тұрған жастар арасында бәсекелестікті арттырып, олардың уақытын тиімді пайдалануды мақсат еткен сайыста қатысушылар үш топқа бөлінді. Қатысушылар ұйымдастырушылар дайындаған салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар және қазақ хандығы бойынша сұрақтарға жауап берді. Жинаған ұпайларына сәйкес жеңімпаздар анықталды. Қатысушыларға орталықтың басшысы атынан диплом мен кітапша сыйға берілді