Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметі мен ҚАЖД мекемелеріне жаңа автокөліктер табысталды

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің базасында пробация қызметі бөлімшелері мен өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне қызметтік автокөліктерді табыстау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев қатысты.

Ақтөбе облысы әкімінің шешімі және облыстық прокуратураның қолдауы аясында материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында 6 автокөлік, сондай-ақ лизингтік бағдарлама арқылы алынған 27 қызметтік автокөлік пайдалануға берілді.

Жаңа автокөліктердің басым бөлігі аудандық пробация қызметі бөлімшелеріне табысталды. Аталған қызмет қызметкерлері күн сайын профилактикалық жұмыстар жүргізіп, есепте тұрған азаматтарды бақылауға алып, олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүзеге асырады.

Сонымен қатар қызметтік көлік кілттері Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №70, №8 және №9 мекемелеріне де берілді.

Шара барысында автопаркті жаңарту қызметкерлердің ұтқырлығын арттырып, жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтетіні, әсіресе облыстың шалғай аудандарындағы қызмет тиімділігін жақсартуға ықпал ететіні атап өтілді.

Сондай-ақ пробация қызметі мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ведомство жұмысының сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екені ерекше айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру