Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілді

Атырау облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде күшейтілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлім қызметкерлері профилактикалық және түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде өткізіп келеді.

Жыл басынан бері өңірде құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 100-ден астам азаматқа құқықтық кеңес беріліп, олардың сауалдарына нақты жауаптар ұсынылған. Сонымен қатар ондаған профилактикалық кездесу мен түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Ақтоғай және Сарытоғай ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесулер өткізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қауіпсіздік мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесулер барысында азаматтарға қорғау нұсқамасын шығару тәртібі, құқық бұзушыға қатысты шектеу қою шаралары, сондай-ақ дағдарыс орталықтарының көмегі туралы ақпарат берілді.

Полиция өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта да құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру